$ 494.66  581.87  6.43

Тоқаев Air Astana-ның бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0