$ 494.66  581.87  6.43

Тоқаев балалар хоккей командасын халықаралық турнирдегі жеңісімен құттықтады

Бұл туралы 2026 жылғы 26 ақпанда Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы 2026 жылғы 26 ақпанда Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.

Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0