$ 494.66  581.87  6.43

Астанада этномәдени бірлестіктердің қатысуымен конституциялық реформа талқыланды

Елордада конституциялық реформаны талқылау және түсіндіру мақсатында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Достық үйінің қызметкерлері қатысқан кездесу өтті.

Фото: Султан Сеитов
Фото: Султан Сеитов

Астанада этномәдени бірлестіктердің қатысуымен конституциялық реформа талқыланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Елордада конституциялық реформаны талқылау және түсіндіру мақсатында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Достық үйінің қызметкерлері қатысқан кездесу өтті.

Іс-шараға Достық үйінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының өкілдері, студенттер, оның ішінде болашақ заңгерлер, Аналар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ білім, медицина, бизнес және құрылыс саласының өкілдері қатысты. Осылайша, талқылауға қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары кеңінен қамтылды.

Спикерлер қатарында блогерлер, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес өкілдері болды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай сөз сөйлеп, конституциялық өзгерістердің негізгі ережелерін жан-жақты түсіндірді. Ол 1995 жылғы Конституция редакциясы мен қазіргі өзгерістерге салыстырмалы талдау жасап, саяси жаңғыру мәселелеріне тоқталды.

Іс-шараның спикері әрі модераторы ретінде «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы қалалық штабының «Есіл» аудандық филиалының төрайымы Санира Жүсіпова да сөз сөйледі. Ол белсенді азаматтық ұстанымның және қоғамдық-саяси үдерістерге қатысудың маңыздылығын атап өтті.

«Ең алдымен, бәріміз Қазақстан Республикасының азаматтарымыз және азаматтық борышымызды орындауға міндеттіміз. Біз достарымызбен, әріптестерімізбен және Ассамблея мүшелерімен бірге референдум учаскелеріне барып, дауыс беруіміз қажет», — деді ол.

Кездесу барысында жастармен өзара іс-қимыл мәселесіне де ерекше назар аударылды. Ассамблея өкілдері жастар қанатының болашағы мен оның қоғамдық өмірдегі рөліне қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ жастардың дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық жағдай жасалғаны атап өтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0