Бұл туралы 2026 жылғы 23 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Жарлығымен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойына орай Игорь Матвеевич Романов ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы 2026 жылғы 23 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Ол ұзақ уақыт бойы орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметін басқарды", делінген хабарламада.
Игорь Романов 1946 жылы 23 ақпанда Жамбылда (қазіргі Тараз) дүниеге келген. 1969 жылы Н. В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы - орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі. Қазақстан Республикасы Журналистика Академиясының академигі.