$ 494.66  581.87  6.43

Қазақстандық ер адам өз бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған

Ер адам қолма-қол ақша алған кезде ұсталды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысында бүйрек сату әрекеті тергелуде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ақмола облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бүйректі 25 мың АҚШ долларына заңсыз сату фактісінің жолын кесті.

Қылмыстық іс материалдары бойынша Алматы облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде өз органын сату ниеті туралы хабарландыру жариялаған.

ҰҚҚК қызметкерлері ерекше хабарландыруға қызығушылық танытып, арнайы іс-шаралар кешенін өткізді, соның нәтижесінде қатысушы Көкшетауда қолма-қол ақша алған кезде ұсталды. Мән-жайды анықтау барысында қазақстандықтың мұндай хабарландыруларды бұрын да орналастырғаны анықталды. Ұстау кезінде полицейлер қолма-қол ақша, ұялы телефон, медициналық анықтамалар мен талдауларды тәркіледі, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аясында полицейлер мән-жайларды анықтап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0