Суармалы егіншілікке тәуелді өңірлер үшін бұл – тікелей қауіп.
Биыл оңтүстік өңірлерде жағдай күрделі болайын деп тұр. Су қоймалары қажетті деңгейде толмағандықтан, Түркістан және Жамбыл облыстарында егіс алқаптарының көлемін шектеуге тура келеді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда оңтүстіктегі су қоймаларында 23,4 млрд текше метр су жиналған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 759 млн текше метрге аз көрсеткіш. Яғни, былтырғы деңгейге жетпей отыр.
Суармалы егіншілікке тәуелді өңірлер үшін бұл – тікелей қауіп. Себебі Түркістан мен Жамбыл облыстарының басым бөлігі суармалы алқапқа сүйенеді. Су көлемінің азаюы егіс құрылымын қайта қарауға мәжбүрлейді.
Егіс көлемінің қысқаруы өнімнің азаюына әсер етуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде нарықтағы бағаға ықпал етуі ықтимал. Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.