Министр алдағы мақсат – бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу екенін айтты.
Қазақстандық ірімшік шетелдік өнімнен кем емес. Мұны Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде ел нарығында сатылып жатқан ірімшіктің 58 пайызы – отандық өндіріс. Яғни ішкі сұраныстың жартысынан көбі өз өнімімізбен қамтамасыз етіліп отыр.
Министр алдағы мақсат – бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу екенін айтты. Бұл импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
«Адамдар дәмі мен бағасына қарай өзі таңдайды. Бірақ сапа жағынан біздің ірімшік шетелдік өнімнен еш кем емес», – деді ведомство басшысы.
Дегенмен әлеуметтік желіде жұрт баға мәселесін жиі көтереді. Егер отандық өнім сапа мен құн жағынан шынымен бәсекеге қабілетті болса, онда тұтынушы таңдауы да соған қарай ауысуы мүмкін.