$ 496.85  585.54  6.49

Ресейде 7-қабаттан құлаған баланы құтқарған өзбек азаматын Шавкат Мирзиевтің өзі марапаттады

Күні кеше Санкт-Петербургте 7-қабаттан құлаған баланы аула сыпырушының қағып алғанын жазған едік.

Фото: Администрация Санкт‑Петербург
Фото: Администрация Санкт‑Петербург

Бүгін өзбекстандық бірқатар БАҚ-та оның ерлігі үшін Ресеймен қатар, Өзбекстанда да құрметке ие болғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

37 жастағы Хайрулло Ибадуллаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Жасорат» медалімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған. Ол батырлық пен жанқиярлық танытқан отандасының ерлігін ерекше атап өткен. 

Мемлекеттік марапаттан бөлек, Ибадуллаевқа 1 миллион рубль (шамамен 13 000 АҚШ доллары) көлеміндегі Тигран Кеосаян сыйлығы табысталды. Оны RT арнасының бас редакторы, Тигран Кеосаянның жұбайы тапсырған. 

Қаражат Хайрулло Ибадуллаевтың банк шотына аударылған. Оның айтуынша, бұл ақшаны ол Өзбекстандағы отбасына жіберіп, үй салуға және әкесінің ем-домына жұмсамақ. Өзбек азаматы аталған сыйлықтың төртінші иегері атанып отыр. 

Еске салайық, 22 ақпанда Санкт-Петербургте бала 7-қабаттағы ашық терезеден құлаған еді. Оны аула сыпырушы болып жұмыс істейтін өзбек азаматы қағып алды. Бұл іс-әрекет баланың жарақатын едәуір жеңілдеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0