$ 496.85  585.54  6.49

Әйелді төрт ай бойы аңдыған: Семейде сталкерге үкім шықты

Осылайша жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен.

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock

Семей қаласында сот бірнеше ай бойы әйелді аңдыған 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы төрт ай бойы жәбірленушіге жүйелі түрде хабарламалар жазып, қоңырау шалған, оның үйі мен жұмыс орнына барған, сондай-ақ туыстары арқылы ықпал етуге тырысқан. Мессенджерлерде бұғатталғанына және абоненттік нөмірлері ауыстырылғанына қарамастан, ер адам байланыс орнатуға тырысуды тоқтатпаған.

Осылайша жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен. Қудалау фактілері тіркелгеннен кейін қылмыстық іс бір тәулік ішінде сотқа жолданды. Сот талқылауы барысында айыпталушының кінәсі дәлелденді. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оның мінез-құлқына 10 ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді, деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0