$ 496.85  585.54  6.49

Электр нарығы олигархтардың қолында ма? Депутат «АстанаЭнергосбытты» монополия деп атады

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек электр энергиясы нарығындағы жағдайды қатаң сынға алды. Оның айтуынша, елде шынайы бәсекелестік жоқ, ал нарық ірі ойыншылардың арасында бөліске түскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Павлодарда бір олигарх, Астанада бір олигарх, Қарағандыда бір олигарх халыққа өз шартын таңып отыр. Біз қайда бара жатырмыз – олигархиялық экономикаға ма, әлде халықтық экономикаға ма?» – деді депутат.

Ол әсіресе Астанадағы энергия жеткізуші Астана Энергосбыт компаниясын монополия деп атады. Базарбектің сөзінше, заң жобасында бәсекелестікті күшейтуге бағытталған нақты тетіктер көрінбейді. Керісінше, жеткізуші ұйымдардың үстемдігін сақтап қалу қаупі бар.

Депутат монополиямен күресіп, нарықтың кемінде 50 пайызын бәсекелестікке беру керек екенін айтты. Сондай-ақ ол тарифті төмендету және міндеттемесін орындамаған монополистермен келісімшартты бұзу мәселесі заңда нақты көрсетілуі тиіс екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0