$ 470.46  543.1  5.86

Көкшетауда балалар ойнайтын аулада егеуқұйрық қаптады

Жертөледе сыз басқан, санитарлық жағдай нашар деген күдік бар. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Көкшетаудағы көпқабатты үйлердің ауласында ірі егеуқұйрықтар еркін жүгіріп жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, олар адамдардан қорықпайды, балалар ойнайтын жерде емін-еркін жүреді. Куәгерлердің бірі егеуқұйрықтың қоқыс арасынан шығып, үйдің жертөлесіне кіріп кеткенін түсіріп алған. Ауладағы қоқыс уақытылы тазаланбайды, иіс шығып тұр.

Жертөледе сыз басқан, санитарлық жағдай нашар деген күдік бар. Осындай жағдай кеміргіштердің көбеюіне жол ашып отыр.
Бұл әсіресе балалар үшін қауіпті, себебі түрлі инфекция таралуы мүмкін.

Тұрғындар бірнеше рет шағымданғанымен, нақты нәтиже жоқ дейді. Әкімдік тарапынан жүйелі бақылау мен тазалық жұмыстары әлсіз екені байқалады.
Мәселе ушықпай тұрғанда тиісті органдар шұғыл шара қабылдауы керек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0