$ 470.46  543.1  5.86

Курорт қоқысқа айналды: Бурабайда көл ласқа толды (ВИДЕО)

Қыста демалғандардың артынан көл үстінде үйілген қоқыс қалған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Бурабайдағы курорттық аймақ қоқысқа көміліп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қыста демалғандардың артынан көл үстінде үйілген қоқыс қалған. Мұздың бетінде картон, пакет, бөтелке, түрлі қалдықтар жатыр.
Әзірге мұз ұстап тұр, бірақ ерісе - бәрі су түбіне кетеді. Бұл жай ғана ұқыпсыздық емес, табиғатқа тікелей зиян.

Ең сорақысы - бұл жағдайды аймаққа келген қонақтар да көріп, түсіріп жүр. Яғни мәселе сырт көзге де ұят болып тұр.

Ал жергілікті билік қайда қарап отыр деген сұрақ туындайды.
Курорт деп жарнамалайтын жердің хәлі осы болса, жауапкершілік кімде?
Тазалықты бақылау мен алдын алу жұмысы әлсіз екені анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0