$ 470.46  543.1  5.86

Зардап шеккендер бар: Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында тағы да жол апаты болды

Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында 6 сәуір күні тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осыған дейін дәл осы жерде адам өлімімен аяқталған апат болған еді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 5:46-да қаланың Медеу ауданында Hyundai маркалы автокөлік жүргізушісі жол апатына ұшыраған.

«Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Hyundai жүргізушісі Меңдіқұлов көшесінің қиылысында көлігін басқара алмай, кедергіге соғылған. Атап айтқанда, оңға бұрылу кезінде жолайрықтың бөлгіш тірегіне соқтығысқан», – деп мәлімдеді ведомство.

Полицияның дерегінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысына медициналық көмек қажет болған, ал автокөлікке айтарлықтай зақым алған.

Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Оқиға орнынан куәгерлер түсірген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0