$ 470.46  543.1  5.86

Атырауда мектеп оқушысын көлік қағып мерт қылды

ПД мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 сәуір күні таңғы сағат 7:45 шамасында болған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырау қаласында Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейінің алдындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 8 жасар оқушы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ПД мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 сәуір күні таңғы сағат 7:45 шамасында болған. Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 2018 жылы туған жеткіншекті Toyota Hiace автокөлігі қағып кеткен. Жүргізуші – 52 жаста.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады. Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді", – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0