$ 470.46  543.1  5.86

ШҚО-да 3 жұмысшы кәріз құдығындағы газға уланып қалды

Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді7

Фото: Gov.kz
Фото: Gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауылында кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде үш жұмысшы газға уланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Глубокое ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов оқиға орнына бірінші болып келіп, құдықтан уланған екі адамды алып шықты. Тағы бір ер адам өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған.

-Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді,-делінген хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0