$ 470.46  543.1  5.86

Түркияда көшеде Қазақстан азаматын атып кетті

Қылмыс кеше шамамен сағат 16:30-да болғаны хабарланды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматын көшеде атып кетті. Полиция екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қылмыс кеше шамамен сағат 16:30-да болғаны хабарланды.

Жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловқа белгісіз біреу оқ жаудырған. Ауыр жарақат алған Исмаилов ауруханада көз жұмды, - деп мәлімдейді ақпарат көзі.

Стамбул полициясы алдымен күдіктілердің көлігін, кейін дрондардың көмегімен олардың өздерін тапты. Ұсталғандар - Грузия азаматтары, олар шекара асып қашпақ болған көрінеді. Қылмыстың себебі әзірге белгісіз.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 31 наурызда Фатих ауданында Қазақстан азаматына қатысты орын алған оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Түркия Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Стамбулдағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетуде. Мәселе бақылауда, - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0