Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Синоптиктер 2026 жылғы 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оған сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік өңірлерде, сондай-ақ батыс пен солтүстік-батыста түнгі уақытта кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік-батыста жауын-шашын аралас түрде (жаңбыр мен қар) күтіледі.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте екпінді жел мен шквал болжанса, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Тек Қазақстанның шығыс бөлігінде антициклон ықпалына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар, Қазгидромет мәліметінше, бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғары болады. Атап айтқанда:
– Қызылорда облысының шығысында,
– Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде,
– Жамбыл облысының батысы мен солтүстік-батысында,
– Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігі мен оңтүстігінде,
– Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде,
– Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.