$ 460.37  531.87  5.82

«Дінді бөліп-жармаңдар»: қазақстандық блогер Пасхаға барғаны үшін сынның астында қалды (ВИДЕО)

Қоғамда діни айырмашылықтарға бола алауыздық тудыруға болмайды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстандық блогер Сәлім Айлазов әлеуметтік желіде тараған сын-пікірлерге жауап беріп, видеоүндеу жариялады. Ол Пасха мерекесіне барғаны үшін өзін айыптаған оқырмандарына қатаң жауап қайтарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айлазов өз сөзінде Қазақстан – көпұлтты әрі көпконфессиялы ел екенін атап өтіп, түрлі ұлт пен дін өкілдері бір-бірінің мерекесіне құрметпен қарап, қолдау көрсетіп келетінін жеткізді. Оның айтуынша, бұл – елдегі татулық пен өзара сыйластықтың айқын көрінісі.

«Бізде адамдар бір-бірін дініне қарап бөлмейді. Көршілер бір-бірінің қуанышына ортақтасып, мерекесіне барып, қолдау білдіреді. Бұл – қалыпты жағдай», – деді ол.

Блогердің пікірінше, қоғамда діни айырмашылықтарға бола алауыздық тудыруға болмайды. Керісінше, мұндай сәттер адамдарды жақындастырып, бірлікті нығайтуы тиіс.

Видеоүндеу әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі блогердің ойын қолдап, Қазақстандағы толеранттылық мәдениетін жоғары бағаласа, енді бірі оның әрекетін сынға алуды жалғастырды.

Айлазов болса, өз ұстанымынан таймайтынын жеткізіп, қоғамды өзара құрмет пен түсіністікке шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0