$ 475.31  555.54  6.05

Түтіннен уланған: Сәтбаевта пәтер өртеніп, төрт бала құтқарылды

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын бастап, барлау жүргізді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Сәтбаев қаласында Ерденов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар өртті сөндіру жұмыстарын бастап, барлау жүргізді.

Құтқару барысында пәтер иесі өрт ішінен шығарылып, түтіннен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ көрші пәтерден автосатының көмегімен төрт бала құтқарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0