$ 479.82  559.9  6.15

«Халық заңгері»: Астана тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес берілді

Іс-шара «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында өтті.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Есіл ауданы прокуратурасының бастамасымен құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Іс-шара «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында өтті.

Акцияның басты мақсаты – елорда тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті құқықтық мәселелерді жедел шешуге көмектесу, сондай-ақ заңнаманы одан әрі талдау мен жетілдіруді талап ететін жүйелі проблемаларды анықтау.

Алаң жұмысына 20-ға жуық мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестіктер мен бейінді ұйымдар қатысты.

Мамандар азаматтарға тұрғын үй құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары, отбасы заңнамасы және басқа да бағыттар бойынша кеңес берді. Акция аясында 100-ден астам адам заңгерлік қолдау алды.

Акция елорданың барлық ауданында өз қызметін жалғастырып, елорданың әрбір тұрғыны үшін білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0