Зейнетке шығару рәсімі туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлерін зейнеткерлікке салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қызметін аяқтағандардың бірі — подполковник Лейла Саидова. Ол 2025 жылы әлеуметтік желілерде «қазақстандық Моника Беллуччи» атанып, көпшілікке танылған.
Зейнетке шығару рәсімі туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Маңғыстау облысының Полиция департаменті ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардагерлерді салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салды. Әріптестері полковниктер Асқар Джайлаубаев пен Ерлан Кезбаевты, сондай-ақ подполковник Лейла Саидованы зейнет демалысына шығуымен құттықтады», — делінген хабарламада.