$ 472.48  550.06  6.59

«Қазақмыс» өндірісті жаңғырту үшін Қытай тәжірибесіне бет бұрды

Кездесудің негізгі тақырыбы Жезқазғанда жаңа күкірт қышқылы цехын салу жобасы аясында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі. 

Фото: Қазақмыс
Фото: Қазақмыс

«Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің Қытайға жұмыс сапары қытайлық ірі инжинирингтік және технологиялық компаниялары – ENFI және TCC CNCEC басшыларымен жүргізілген келіссөзбен жалғасты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.


Кездесудің негізгі тақырыбы Жезқазғанда жаңа күкірт қышқылы цехын салу жобасы аясында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі, сондай-ақ металлургиялық өндіріс саласына арналған заманауи инженерлік және технологиялық шешімдерді зерттеу болды.

ENFI түсті металлургия саласындағы Қытайдың жетекші инжинирингтік орталықтарының бірі болып табылады және халықаралық MetMining тау-кен-металлургиялық тобының еншілес құрылымына кіреді. Компания Қытайдағы заманауи мыс балқыту кәсіпорындарының 50%-дан астамының жобалау жұмысына қатысқан.

Іссапар бағдарламасының тағы бір тармағы ауқымды өнеркәсіптік және химиялық жобаларды іске асыруға маманданған қытайлық TCC CNCEC инжинирингтік-құрылыс компаниясымен өткен келіссөз болды.

Кездесу қорытындысында қол жеткізілген келісімдер мен тәжірибе алмасу «Қазақмыс» корпорациясы үшін технологиялық ынтымақтастықты дамытуға, заманауи инженерлік шешімдерді зерделеуге, сондай-ақ өндірістік активтерді жаңғырту және тиімділігін арттыруға бағытталған ықтимал бірлескен жобаларды пысықтауға берік негіз қалыптастырғаны аталып өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0