$ 472.48  550.06  6.59

«Мақтаншақ, дарақылық»: Сәуле Әбілдаханқызы соңғы қоңыраудағы гүл беру «тренді» туралы

Топастық...

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы соңғы қоңырауда балаларына үйіп-төгіп гүл таратқан ата-аналарды қатаң сынға алды, Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

”Сөзім жоқ…
Топастық… Балаларына сыйлықты үйінде беруге санасы жетпеген мақтаншақ, дарақы ата-аналарға мектеп директоры, завучтар тоқтау салу керек қой. «Соңғы қоңырау» деген салтанатты жиын сенің сыйлық беріп мақтанатын жеке мерекең емес, сыйлығыңды үйінде бер, айналайын» деп тоқтатпай ма? Министрлік, білім бөлімдері қалайша мұндайға жол беріп отыр? Жалпы, осындай адамдардың санасыздыңына дарақылық қосылып, солар қоғамды тұңғиыққа сүйреп бара жатыр… Құдай артының қайырын берсін”, — деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 27
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0