$ 480.72  548.07  6.14

Жезқазған ба, әлде Бангладеш пе? Байқоңыров көшесіндегі қоқыс мәселесі қашан шешіледі?

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласындағы Байқоңыров көшесінің тұрғындары әкімдіктің әрекетсіздігінен тағы да зардап шегіп отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көпқабатты үйлердің іргесінде үйілген ескі жиһаздар, азық-түлік қалдықтары мен асфальт кесектері айлап тазаланбай, нағыз антисанитариялық аймаққа айналған. Бұл маңайдағы қоқыс мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенімен, жергілікті билік тұрғындардың шағымына құлақ асуды қойған сыңайлы. Қала тазалығы мен халықтың денсаулығына жауапты өңір әкімдігі өз міндетін тиісті деңгейде атқармай, мәселені созбалаңға салып келеді. Облыс орталығы мәртебесін алған қаланың бүгінгі сиқы тұрғындардың ашу-ызасын тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Шенеуніктердің уәдеден іске көшіп, бұл аумақты қашан ретке келтіретіні әлі де белгісіз күйде қалып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0