$ 472.03  540.29  6.11

«Жақында балаң өледі»: емші мен әйелдің жанжалы қызу талқыға түсті

Оқиғаның нақты қай уақытта және қай өңірде болғаны әзірге белгісіз.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде өзін емші ретінде таныстырған адам мен бір әйелдің жанжалдасқан видеосы тарап, жұртшылықтың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбадан олардың үйден сыртқа шығып, сөзге келіп қалғанын көруге болады. Кадрларда емші әйелге «жақында балаң өледі» деп ауыр сөз айтса, оған ашуланған әйел өзін «алаяқ» деп атап, берген ақшасын қайтармайтынын жеткізеді.

Оқиғаның нақты қай уақытта және қай өңірде болғаны әзірге белгісіз.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі емшілердің әрекетін сынға алса, енді бірі адамдарды денсаулық мәселесінде мамандардың көмегіне жүгінуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0