$ 472.03  540.29  6.11

Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан

Желіде тараған мына бейнежазбадан жолдың ортасы сөгіліп, шұңқырланып, мүшкіл күйге түскенін анық көруге болады.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Жезқазған қаласындағы Момышұлы көшесіне былтыр ғана салынған жаңа асфальттың бүгінгі сиқы тұрғындардың ашуын туғызып отыр.

Желіде тараған мына бейнежазбадан жолдың ортасы сөгіліп, шұңқырланып, мүшкіл күйге түскенін анық көруге болады.

Сапасыз жұмыс пен тиянақсыз бақылаудың зардабын әдеттегідей қарапайым жүргізушілер мен қала халқы тартып жатыр. Қыруар бюджет қаржысы бөлінген жолдың бір жылға да шыдас бермеуі - өңір әкімдігі мен жауапты мердігерлердің жұмысына үлкен сұрақ тудырады.

Жергілікті билік бұл мәселені жылы жауып қоймай, жолдың сапасыз салынуына кім кінәлі екенін айтып, шұғыл шара қолдануы тиіс дейді

 

 

 

Видео: @typical_zhezkazgan

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0