$ 472.03  540.29  6.11

100 млн теңге пара: Атырауда әкімнің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс материалдарында су шаруашылығы саласындағы елдегі ірі компаниялардың бірінің басшылығы да көрсетілген.

Фото: Ақ Жайық
Фото: Ақ Жайық

Атырауда қала әкімінің міндетін атқарушы ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порат

Centralmedia24 басылымының жазуынша, журналист Михаил Козачков өз дереккөздеріне сілтеме жасап, 49 жастағы шенеуніктің 100 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, пара «Атырау қаласының кәріз желілерін күрделі жөндеу» жобасына түзетулер енгізуге ықпал еткені үшін берілген болуы мүмкін. Сондай-ақ ақшаның аталған нысандағы қосалқы мердігер арқылы берілгені айтылып отыр.

Ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс материалдарында су шаруашылығы саласындағы елдегі ірі компаниялардың бірінің басшылығы да көрсетілген.

Әзірге құзырлы органдар бұл ақпаратқа қатысты ресми түрде растау да, жоққа шығару да жасаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0