$ 472.03  540.29  6.11

Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да ақталуда «бақылауда» деп ақталуда

Табиғаттың тосын мінезіне алдын ала қам жасамаған ауылда бір түнде 85 тұрғын үйдің ауласын су басып, халық әбден әуре-сарсаңға түсті.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында жауған кезекті нөсер жауын жергілікті биліктің инфрақұрылымдық мәселелерге келгенде тағы да қауқарсыз екенін көрсетіп берді.

Табиғаттың тосын мінезіне алдын ала қам жасамаған ауылда бір түнде 85 тұрғын үйдің ауласын су басып, халық әбден әуре-сарсаңға түсті. Оқиғадан кейін селт еткен әкімдік дереу есеп беруге көшіп, арнайы техниканың көмегімен 7 мың текше метрден астам суды сыртқа шығарғанын айтып ақталуда.

Қазіргі уақытта апат салдарын жою үшін оқиға орнына 25 техника мен 37 қызметкер жұмылдырылып, сору жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Мұндай су тасқыны бірінші рет емес, бірақ өңір басшылығы мәселені түпкілікті шешудің орнына жағдайды тек «бақылауда ұстаумен» ғана шектеліп келеді.

Әкімдіктің осы салғырттығынан зардап шеккен тұрғындарға енді тек ТЖ қызметінің нұсқауларын сақтап, өз күнін өзі көруден басқа амал қалмағандай.

Видео: dalamedia.info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0