$ 471.04  538.54  6.17

Қостанайда ашық люк көлікті қиратты: Әкімдік тағы да қараусыз қалдырған

Жергілікті әкімдік пен коммуналдық қызметтердің бұл немқұрайлылығы қала тұрғындарының өмірі мен мүлкіне тікелей қауіп төндіріп отыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қостанайдағы Леонид Беда көшесінде, Соколовский ауданы маңында ашық жатқан кәріз люгі кезекті жол апатына себеп болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқыс оқиға салдарынан сол маңнан өтпек болған жүргізушінің автокөлігі қатты зақымданып, дөңгелектері жарамсыз болып қалған. Зардап шеккен азамат жауапты қызметтердің селқостығына наразы болып, оқиға орнынан бейнежазба жариялады. Жергілікті әкімдік пен коммуналдық қызметтердің бұл немқұрайлылығы қала тұрғындарының өмірі мен мүлкіне тікелей қауіп төндіріп отыр.

Елді есеңгіреткен осындай қарапайым шаруаға бас қатырмаған өңір басшылығы мәселені тағы да жылы жауып қоя ма деген сұрақ туындайды. Қала билігінен бұл сорақылыққа қатысты нақты шара қолдануды және кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0