$ 471.04  538.54  6.17

Өскемен халқы егеуқұйрықтар мен қаңғыбас иттерден сескеніп отыр

Тұрғындар жауапты қызметтерден ауланы тез арада тәртіпке келтіріп, шұғыл шара қолдануды талап етеді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Қабанбай батыр көшесіндегі №74, 78 және 80-ші үйлердің ауласында жантүршігерлік антисанитариялық жағдай қалыптасты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың сөзінше, қоқыс алаңдарының уақытылы тазаланбауы кесірінен аулада егеуқұйрықтар қаптап, үймелеген қарғалар мен қаңғыбас иттердің шуынан түнде ұйықтау мүмкін болмай қалған. Жергілікті жұрт балаларын аулаға шығарудан қорқып отырғанын айтып, дабыл қақты.

Өңірдегі коммуналдық мәселелерді реттей алмай, қарапайым тазалықты бақылаудан шығарып алған облыс және қала әкімдігі бұл жағдайға әлі күнге дейін нақты жауап берген жоқ.

Тұрғындар жауапты қызметтерден ауланы тез арада тәртіпке келтіріп, шұғыл шара қолдануды талап етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0