$ 465.74  531.08  5.92

«Рұқсат бермей отыр»: бельгиялық Жәнібек анасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Ол іздеу жұмыстары әлі тоқтамағанын айтты. 

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі

Туған анасын іздеп жүрген бельгиялық Жәнібек желідегі парақшасында жаңа пост жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол іздеу жұмыстары әлі тоқтамағанын айтты. 

"Сәлем, қымбатты отбасым! Қалдарыңыз қалай? Жазды қалай өткізіп жатырсыздар, қандай жоспарларыңыз бар? Биологиялық анамды іздеуім әлі де жалғасып жатыр. Егер бөлісуге болатын жаңа ақпарат пайда болса, міндетті түрде сол туралы да жарияланымдар жасаймын", деді ол. 

Сонымен қатар, бельгиялық Жәнібек оқырмандарының сауалына да жауап бере кетті. 

"Қалайша, кішкентай қаладан анасы табылмады? Іздеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеді. Барлық сол күні туылған балалардың аналарының ДНҚ тексеру керек еді", деп жазған оқырман.

"Сәлеметсіз бе, Рахима. Көмегіңізге көп рақмет. Өкініштісі, сол күні босанған барлық әйелден ДНҚ алу мүмкін емес. Бірақ қазір бізде маңызды мәліметтер бар. Жариялауға рұқсат берілсе, міндетті түрде сіздерге айтамын", деді оқырман сауалына жауап берген ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0