Ресми ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай 25 шілдеде болған.
Ақтау қаласында ер адамның 12-қабаттан құлап қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай 25 шілдеде болған. Ер адам балкон арқылы үйге кірмек болған кезде 12-қабаттан құлап кеткен. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, қаза тапқан ер адам бұған дейін Түпқараған ауданының бас прокуроры қызметін атқарған. Ол өткен жылы зейнетке шыққан.