$ 464.02  536.18  5.54

Астана – Щучинск тасжолында рөлде ұйықтап кеткен жүргізуші жол апатына түсті

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астана – Щучинск тасжолындағы төлем бекетіне жақындаған жерде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, көлікті басқара алмай қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол талғамайтын көлік үшінші және төртінші жолақтың арасындағы жол құрылымдарына соғылған. Соның салдарынан жол белгісі, бөлгіш қорғаныс буфері және бетон блок зақымданған.

Көлікте жүргізушіден басқа ешкім болмаған. Ол жарақат алмаған және медициналық көмектен бас тартқан.

Екі жолақ уақытша жабылды

Апаттан кейін үшінші және төртінші жолақтағы қозғалыс уақытша тоқтатылған. Жол полициясы оқиға орнына сағат 10:06-да жеткен.

Сағат 11:34-ке қарай көлік қозғалысы толық қалпына келтірілген.

«ҚазАвтоЖол» рөлде бірнеше секундқа қалғып кету қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін еске салды. Егер жүргізушінің ұйқысы келіп, көзі ауырлай бастаса немесе зейіні шашыраса, жолды жалғастыра бермей, қауіпсіз жерге тоқтап, демалып алған дұрыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0