$ 464.02  536.18  5.54

Павлодарда жасөпірім суға батып кетті

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Павлодарда 18 жастағы жас жігіт суға батып кетті. Оқиға қалалық жағажайда болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ертіс өзенінің ағысы қатты, сондықтан оны ешкім құтқара алмады. Құтқарушылар мәйітті 2 күн іздеп, Жаңауыл ауылының тұсынан тапты. Биыл өңірде шомылу маусымы басталғалы 6 адам судан ажал құшты. Оның екеуі — бала.

"Жаңауыл ауылынан төмен 2007 жылы туған ер азаматтың денесі табылды. Іздестіру жұмыстары кезінде сүңгірулермен 80 рет су астына сүңгу жұмыстары жүргізілді. Және іздестіру жұмыстарына жүзу құралдары пайдаланылды", - дейді облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Серік Шериазданов.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/286751-pavlodarda-18-zastagy-zigit-suga-batyp-ketti

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0