$ 456.88  534.64  5.47

Шығыс Қазақстанда аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады

Оқиға Риддер қаласына жақын маңдағы омартада болған.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

фото: depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысында 58 жастағы ер адамға аю шабуыл жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға Риддер қаласына жақын маңдағы омартада болған. Аю демалыс базасының жанында ер адамға тап берген. Жанында болған екі адам оған көмектесіп, жыртқышты қуып жіберген. Зардап шеккен азаматтың басы, қолы мен аяғынан көптеген жарақат алғаны анықталды.

Сондай-ақ оның бірнеше жерінде ашық сынық болған. Ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде ем қабылдап, кейін травматология бөліміне ауыстырылған. 19 тамызда науқас ауруханадан шығарылды. Қазір ол емін үй жағдайында жалғастырып жатыр. Адамға шабуыл жасаған аюды инспекторлар атып өлтірді.

Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта жабайы аңдар азық іздеп елді мекендерге жиі жақындай бастаған. Бұған ормандағы қуаңшылық пен үсіктің салдарынан жидек пен самырсын жаңғағының азаюы себеп болып отыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#ШҚО #шабуыл #аю