Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Семейдегі аспалы көпірде Mitsubishi Pajero мен Lada Priora көліктері соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жол-көлік оқиғасы 23 тамыз күні кешкі уақытта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero жүргізушісі көлікті басқара алмай, алдымен жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Кейін жол талғамайтын көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Lada Priora-мен соқтығысқан.
Қатты соққыдан Mitsubishi Pajero қатты зақымданып, бүйіріне аударылған. Көліктегі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Абай облыстық полиция департаменті адамның абайсызда қаза болуына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта тергеу және процестік әрекеттер кешені жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.