Бұл туралы 24 тамызда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
24 тамыз күні кешке Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. ҚР ТЖМ «Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен сағат 19:31-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы 24 тамызда ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.
Мамандардың мәліметінше, эпицентрдің координаттары – солтүстік ендіктің 49,117° және шығыс бойлықтың 84,500° градусы.
Эпицентр мегаполистен қашық орналасқанына қарамастан, жер дүмпулері елдің шығысындағы елді мекендерде сезілген. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 2 балды құрады. Зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Құтқарушылар жер сілкінісі кезінде есте ұстайтын 10 қарапайым әрекетті алдын ала ойластырып қоюға кеңес береді: