Жерасты дүмпуі 25 тамызда Астана уақытымен сағат 06:18-де болған.
Қазақстандық сейсмологтер Пәкістан аумағындағы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпуі 25 тамызда Астана уақытымен сағат 06:18-де, Гринвич уақытымен 01:18-де болған.
Оның эпицентрі 34,13° солтүстік ендік пен 70,11° шығыс бойлықта орналасқан. Жер сілкінісі 35 шақырым тереңдікте тіркеліп, энергетикалық класы K=13,6, магнитудасы 4,9 деп бағаланды.