$ 457.99  534.15  5.47

Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді?

Министрдің айтуынша, ауқымды ақауға электр желісіндегі технологиялық бұзушылық себеп болған. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметтегі брифингте Қазақстанның сегіз облысында болған жаппай электр қуатының өшуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, ауқымды ақауға электр желісіндегі технологиялық бұзушылық себеп болған, соның салдарынан бірнеше өңір бір мезетте жарықсыз қалған. Алайда халықты алаңдатқан басты мәселе – бір ақаудың неге бірден сегіз облыстың электр жүйесіне әсер еткені және мұндай жағдайға энергетика саласының қаншалықты дайын болғаны.

Энергетика министрлігі елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуды басты міндет деп көрсетеді, биыл электр желілерінің 17,1 мың шақырымын және 444 қосалқы станцияны жөндеу жоспарланған. Соған қарамастан, сегіз облыстың бір мезетте жарықсыз қалуы қолданыстағы электр желілерінің сенімділігі мен апаттың алдын алу жүйесіне қатысты сұрақты қайта көтеріп отыр.

Енді министрлік тек апаттың себебін түсіндірумен шектелмей, осындай жағдайдың қайталанбауы үшін нақты қандай шара қабылданатынын да ашық айтуы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0