$ 457.99  534.15  5.47

Жылыту маусымы жақындады: 55 қазандықтың 33-і әлі жөнделіп жатыр

Министрдің өзі бұл көрсеткіш жоспарланған жабдық санына әзірге сәйкес келмейтінін мойындады.  

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымына дайындық аясында жоспарланған жөндеу жұмыстарының бір бөлігі ғана аяқталғанын айтты, 

Биыл 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбинаны жөндеу жоспарланғанымен, қазір 4 энергоблок, 22 қазандық және шамамен 10 турбинаның жұмысы ғана біткен. Министрдің өзі бұл көрсеткіш жоспарланған жабдық санына әзірге сәйкес келмейтінін мойындады. Дегенмен ведомство қалған нысандардағы жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатқанын алға тартып отыр.

Жылыту маусымы жақындаған тұста мұндай көрсеткіш Энергетика министрлігінің дайындығына сұрақ туғызады: қалған ондаған қазандық пен турбина уақытында жөнделіп үлгере ме?

Министрлік пен Энергетикалық қадағалау комитеті жұмыстарды күн сайын бақылап отырғанын мәлімдеді, енді оның нақты нәтижесі жылыту маусымы басталғанда көрінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0