$ 457.99  534.15  5.47

Құрылтай сайлауының қорытындысы шықты

Оның айтуынша, референдуммен салыстырғанда сайлауға 224 357 адам артық қатысқан. 

Фото: El.kz
Фото: El.kz

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Бүгін аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша дауыс берудің түпкілікті нәтижелерін жариялай аламыз. Қазақстанда барлығы 12 623 289 адам дауыс беру құқығына ие. Дауыс беруге 9 351 539-дан астам адам қатысты. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 74,08 пайызын құрайды", - деді ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров.

Оның айтуынша, референдуммен салыстырғанда сайлауға 224 357 адам артық қатысқан.

Бес пайыздық межені бес партия еңсерді:

"Әділет" – 71,17% дауыс;

"Ауыл" – 6,26%;

Respublica – 5,56%;

ЖСДП – 5,11%;

"Ақ жол" – 5,21%.

Сайлауға қатысқан қалған екі партия аз дауыс жинады:

Қазақстан Халық партиясы – 3,11%;

"Байтақ" – 1,07%.

"Барлығына қарсы" нұсқасына сайлаушылардың 2,51 пайызы дауыс берді 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0