$ 457.99  534.15  5.47

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты (ВИДЕО)

Зардап шеккендер жоқ.

Фото: ztb
Фото: ztb

Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында 25 тамыз күні түстен кейін тазарту нысандарының бірінде мұнай шламы тұтанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

“Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС-нің ресми мәлімдемесіне сәйкес,  25 тамызда сағат 12:35-те зауыттың жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында мұнай шламының тұтануы орын алды. Оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілген жоқ.

Өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендер жоқ.

Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0