$ 458.48  534.68  5.43

Ұлдана Мырзуанның басына кондиционер емес, темір құлады – жәбірленуші

26 тамыздағы сот отырысында жәбірленушілердің бірі Гүлнәр Қалиевадан жауап алынды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін қозғалған іс бойынша сот процесі өтіп жатыр. 26 тамыздағы сот отырысында жәбірленушілердің бірі Гүлнәр Қалиевадан жауап алынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның басына кондиционер емес, темір құлаған. 

«Басына түскенін көрмедім. (Үйдің қасбеті) Құлағаннан кейін тұрып қарадым. Сол жерде темір түскенін көрдім. Ол кондиционер емес, темір тұрба» – деді жәбірленуші Қалиева.

Айта кетейік, қайғылы жағдай болған үй Астанада Тәуелсіздік, 24Б мекенжайында орналасқан. Екі нысан ортасында адам жүруге болатын жер болған. Сол арқылы тұрғындар үйдің екінші жағындағы дүкенге барған. 2025 жылдың 8 қарашасында үш адам сол жолмен жүрген кезде кірпіш құлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігімен Ұлдана Мырзуан мен Ділназ Байзақова барған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0