$ 458.28 € 501.45 ₽ 5.59

Жайлауда лағман созған жеңге желі қолданушыларын тағы тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

Журналист Ернар Алмабек пен жұбайы Жазира Байдалы YouTube желісіндегі отбасылық Sayahat Time жобасы арқылы көрерменге еліміздің табиғатын таныстырып, жайлау өмірін көрсетіп жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл жолы олар жайлауда тұрып, мал шаруашылығымен айналысатын жеңгесімен сұхбаттасты. Бұған дейін оның қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желіде 15 миллион қаралым жинап, көпшіліктің назарын аударған еді.

Журналист сол танымал видеодағы оқиғаның мән-жайын айтып, жеңгесінің неліктен дәл сол күні лағман жасағанын және оның көрермен жүрегінен қалай орын алғанын сөз етті.

Сондай-ақ Sayahat Time YouTube арнасында «3000 метр биікте өмір сүретін отбасы» немесе «Жайлауда лағман созған жеңге» деген тақырыппен көлемді влог жарық көрді.

Влогтың астындағы пікірлерде көрермендер журналист пен оның жеңгесінің бір-біріне ұқсайтынын жиі жазған. Ернар Алмабек те осы пікірлерге назар аударып, екеуінің расымен ұқсайтынына қатысты сауалға жауап іздеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0