$ 458.28 € 501.45 ₽ 5.59

Екібастұз ГРЭС-1 аумағында жұмысшыны тоқ соғып, қаза тапты

Қайғылы жағдай 2026 жылғы 19 қарашада "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС аумағында тіркелген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысындағы Екібастұз ГРЭС-1 аумағында мердігер ұйымның қызметкері электр тогынан көз жұмды. Оқыс оқиғаның мән-жайын мемлекеттік еңбек инспекциясы анықтап жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдай 2026 жылғы 19 қарашада "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС аумағында тіркелген.

"Қазіргі уақытта 2026 жылғы 19 қарашада "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС аумағында мердігер ұйым қызметкерінің өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның өліміне электр тогы себеп болған. Ведомство марқұмның ГРЭС-1-дің штаттық қызметкері емес, мердігер мекемеде жұмыс істегенін нақтылады. Оқиға кезінде оның нақты қандай жұмыс атқарғаны әзірге жарияланған жоқ.

Арнайы тергеу барысында мамандар жазатайым оқиғаның мән-жайын, өлімге әкелген жарақаттың себептерін және жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын тексереді. Сондай-ақ оқиғаға қатысты жұмыс беруші мен жұмысшының жауапкершілік деңгейі айқындалмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0