Оның айтуынша, тұрақ аумағына асфальт төселмеген, айналасы ой-шұңқыр.
Қызылорда облысының орталығындағы айыппұл тұрағының жағдайына қала тұрғыны шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, тұрақ аумағына асфальт төселмеген, айналасы ой-шұңқыр.
Жаңбыр жауса, аумақ батпаққа айналып, жаяу жүрудің өзі қиындайды.
Тұрғын айыппұл мен салық төлеп отырған азаматтарға неге қарапайым жағдай жасалмағанын айтып, жауапты мекемелерді сынға алды.
Қала әкімдігі мен тиісті мекемелер айыппұл тұрағының аумағын неге осы уақытқа дейін ретке келтірмеген?
Тұрғындардан заң талаптарын сақтауды талап ететін жауапты органдар өз міндеттеріне де жауапкершілікпен қарауы керек.
Видео: @damir.abdikadyrov