$ 458.57 € 501.54 ₽ 5.57

Алматыда 5 адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Өрт сағат 04:42–де толық сөндірілді.

Фото: ІІМ
Фото: ІІМ

Алматы қаласының полиция департаменті 5 адам өаза тапқан өртке байланысты іс қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себебі мен адамдардың қаза болу мән-жайы анықталады, — деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, 26 қараша сағат 03:44–те 112 пультіне Алматы қаласы Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сағат 04:42–де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 адам және 9 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0