Қазір көше батпаққа айналып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған.
Қарағанды облысының Саран қаласындағы Калинин көшесінің тұрғындары екі жылдан бері аяқталмаған жөндеу жұмыстарына шағымданып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
2025 жылы басталған су құбыры мен кәріз жүйесін тарту жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған, ал асфальт төсеу мерзімі 2026 жылға шегерілген. Тұрғындардың айтуынша, мердігерлер жолды қазып, халықтың өз қаражатына төсеген қиыршық тасын алып кетіп, жұмысты аяқсыз қалдырған.
Бұған қоса, әкімдік өкілдері қараша айында үйлерге су құбырын тартуға бөлінген бюджет қаражаты басқа қажеттіліктерге жұмсалғанын және тұрғындар су желісіне өз есебінен қосылуы керектігін айтқан.
Қазір көше батпаққа айналып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған.
Қала әкімдігі мердігерлердің жұмысын неге тиісті деңгейде бақыламаған және халыққа берген уәдесін қашан орындайды?
Видео: @evgeniya_askerova