$ 444.22  476.38  4.82

Тұрғын үймен қамтудың жаңа бағдарламасы бойынша пәтерлердiң 50%-ы жастарға берiлмек

Мемлекет басшысы жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында iске қосылатын тұрғын үймен қамтудың жеке бағдарламасы бойынша пәтерлердiң 50%-ы жастар мен жас отбасыларға берiледi. Бұл туралы бүгiн ҚР парламентi Мәжiлiсiнде өткен «Нұр отан» фракциясының отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишiмбаев.

«Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасындағы бір адамға шаққандағы орташа жалақы 100 мың теңге. Бiр отбасыда екi адам жұмыс iстейтiн болса, бұл бағдарламада көрсетілген халықтың көп бөлiгi Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес жастар екен. Барлық пәтерлердiң 50%-ы 35 жасқа дейiнгi жас отбасылар мен жас адамдарға берiледі», – дейдi Қ.Бишiмбаев.

Ол заң бойынша жастар санатына 29 жасқа дейiнгi азаматтар жатқызылғанымен, тұрғын үймен қамтамсыз етудiң жаңа бағдарламасында олардың жасы арттырылып отырғанын тiлге тиек еттi.

«Бұл бағдарламаның мақсатын iске асыру үшiн жастар санатын 35 жасқа дейiн арттырып отырмыз», – дейді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары