$ 519.57  612.78  6.61

Қазақстанда қалалықтардың үлесі 55,2 пайызға жетті

Елімізде қала тұрғындарының саны өсіп келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне cілтеме жасап.

Ведомоствоның  хабарлауынша, 2014 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша халық саны 17 377,8 мың адамды құрады.

Жалпы халық санының ішінде 9 597,1 мыңы  немесе 55,2% қалалықтар болса, қалған 7 780,7 мыңы (44,8%) ауыл тұрғындары. Биылғы қаңтар-қазанда халық саны 217 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2014 жылғы қаңтар-қазанда  дүниеге келгендер саны 338,2 (331,7)  мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 6,5 мың адамға немесе 2% артты. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,48 (23,37) туғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 110,6 (115,8) мың адамды құрап, 2013 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 5,2 мың адамға немесе 4,5% азайды. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,68 (8,16) қайтыс болғандарды құрады.

2014ж. қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2013 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 11,7 мың адамға немесе 5,4% артып, 227,6 (215,9) мың адамды құрады.  Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,80 (15,21) адамнан.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары